Бұл — «ALDONGAR PRODUCTIONS» кинокомпаниясының бас продюсері Азамат Черьяздановпен бірлесе түсірген комедия жанрындағы алғашқы қадам.
Комедия қазақстандық киноға ерекше серпін беретін психологиялық фобилар тақырыбын ашады.
Картинаның бас кейіпкері — орта жастағы жалғызбасты Баур есімді ер кісі. Ол өмір бойы психологиялық фобиялардан запа шегеді: адамдарды жақсы көрмейді, қоғамнан өзін алшақ ұстайды, ғашық болудан және нағыз сезіммен байланып қалудан қатты қорқады. Міне сондықтан да Баурдың жеке өмірінде ғана келеңсіздік туындамайды, бизнесте де қиындық кездесе береді.
Тағы бір кезекте миллион доллар алып әрі оны қайтармай, кейіпкеріміз таңдау алдында қалады: несие берушінің еркетотай қызына үйлену немесе өзіне өзі қол салу. Өзінің фобиін әрең дегенде жеңіп, Баур үйленуге шешім жасайды. Қарапайым үйлену тойы Шығыс Қазақстанның әдемі жерлерінде өтуі керек. Дегенмен де, тағдыр кез келген трагедияны фарсқа айналдыруға қабілетті. Миллионға жасалған келісім Баур үшін құтқарылу мүмкіндігі және жоғалтқан құндылықтарып– отбасына, махаббат пен берілген уәдеге қайта оралуға әкеп тірейді.
«Бұл менің комедия жанрындағы алғашқы продюсерлік қадамым. Ұзақ жылдар бойы мен күрделі тарихи драмаларды: «Сталинге сыйлық», «Жаужүрек мың бала», «Александр. Нева шайқасы», сондай –ақ, қазақстандық телеканалдар үшін сериялдар түсірдім. Оның үстіне, менің тұрақты әрі өзіме қымбат жандарым: режиссер Эльдар Капаров және сценарий авторы Лейли Акынжан маған алғашқы комедиямыз үшін таза ерекше оқиғаны ұсынды. Біз тәуекелге бардық, әрі картина итальяндық екпінмен жасалып, біздің жолымыз болды», — деді фильм продюсері Алия Увальжанова.
Фильмнің басты рөлдерін Марина Сулейменова мен Сырым Кашкабаев сомдады. Оларға серіктес болғандар Азамат Нигманов, Даулет Абдыгапаров, Айнур Ниязова, Максат Таусар, Дана Есеева, Тауекел Муслим және ең жас актриса Адема Жанысбекова.
Ерекше комедияның түсірілімдері қазақстандық киноға тән жерлерде жасалды. Фильмнің оқиғасы Шығыс Қазақстанда, Бухтарма өзенінің жағалауларында өтеді. 15 күннің ішінде түсіру тобы картинаны түсіріп болды, ол арада төбелеске де, атысқа да, су қайықтарымен қууға да және парапланда ұшуға да мүмкіндік табылды.
«Біз басынан тәуекелге барған екенбіз, аяғына дейін сол ойымызды ұстандық, сөйтіп, фильм түсіру үшін Бухтармаға тартып кеттік. Біздің серіктесіміз, Meloman Travel компаниясы бізге өздерінің «Бухта Sunrise» қонақ үй кешенін берді. Сол арада жүріп біз шынайы жағдайда Шығыс Қазақстанның ғаламат сұлулығын көрдік: ормандары, таулары, түстері, кең тынысты ауасы, бізді сондай қанаттандырды, біз аз ғана уақытта нағыз комедиялық экшн түсірдік. Мен көрермен экран арқылы Шығыс Қазақстанның ғаламат әсемдігін сезініп әрі өздеріне ашады деген сенімдемін. Бір өкінішітісі,әлі де туристер тарту жағы кемшін болып отыр», — деп Алия Увальжанова өз ойымен бөлісті.
«Миллионға келістік» комедиясы прокатқа 7 желтоқсанда шығады.
Собкор.