«Осы мәселелердің бастарын біріктіріп, олардың шешімін қазақ қоғамының назары мен талқысы арқылы іздестіруді меңзеп руханият саласында 2024 жылды ШӘКЕН АЙМАНОВ ЖЫЛЫ деп атау туралы үндеу тастап, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!»
Қазақ киносының ардагері Сламбек Тәуекел:
«Құрметті әріптестер, қазақ ұлттық киносының қайраткерлері мен жанашырлары!
Бүгін Халықаралық кино күні! 128 жыл бұрын ағайынды Люмьерлер (Луи мен Огюст) 1896 жылдың қарсаңында адамзатқа жаңа өнердің өмірге келгенін жария етті — Францияның астанасы Париж қаласында (Капуцинов бульвары) Гранд кафеде алғашқы «қозғалатын суреттерді» жұртшылық назарына ұсынды. Осыдан бері Адамзаттың рухани әлемі суреттеу мен маңызды ой тарату мүмкіндігі орасан зор өнер түріне ие болды.
Бүгінгі адамзат өмірінің болмысын киноөнерісіз елестету мүмкін емес. Әр дамыған елдің құндылықтары қатарында есепке алынатын бұл өнер біздің Отанымыз Қазақстан Республикасында да қарқындап дамып келеді. Алдымызда келіп жетуге сәл ғана уақыт қалған 2024 жылдың 15 ақпанында қазақ киноөнернің негізін қалаушылардың бірі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толады. Қазақ өнері мен мәдениетінде бұл тұлғаның орыны барша қазақ халқына әбден белгілі екені белгілі. Кеше ғана Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясыны ҰЛТТЫҚ деген атау беріліп жатқан шақта бәрімізге қазақ киносының қандай қиын кезеңді бастан кешіп жатқанын да білеміз.
Осы мәселелердің бастарын біріктіріп, олардың шешімін қазақ қоғамының назары мен талқысы арқылы іздестіруді меңзеп руханият саласында 2024 жылды ШӘКЕН АЙМАНОВ ЖЫЛЫ деп атау туралы үндеу тастап, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!
Осындай шешім халқымыздың осы бір тарихи кезеңдегі рухани дамуының бағдар бағыты мен кинематография саласында қордаланып қалған мәселелерді кешеуілдетпей шешілуіне жол ашатынына сенімім мол».
PRP-информ.