Бұл дебюттік картина соңғы уақытта көп қырлы, әр бағытты қамтып жатқан қысқаметражды кинолардың жаңа тынысы, немесе жаңа сатысының бір кірпіші ретінде көремін.
Біздің елде кинемотограф майталмандарының ойында жүрген көп жанрлық үрдіс дәлелі ретінде Рүстем Дастанұлының «Сары-өмір» туындысын көре аламыз. Фильмді түсіру процесі қандай да бір эмоциядан басталады. Бұл эмоциялар үнемі бізбен бірге, басымызда, күнделікті өмірмен қатар жүреді және олар сюжетте босатуды талап етеді. Сюжеттің дамуына бағыт-бағдар беретін сезім болмаса, идеяның өзі өміршең емес. Ол жоғалып кетсе, сценарий қызықсыз болып, одан фильм шықпайды.
Бұл қысқаметражды картина бізге Аян есімді баланың ауылында кезіккен мистикалық жағдаймен күресуі туралы айтылады. Бірақ оның осындай зұлымдыққа қарсы тұруына күші жетеді ме, әлде орнаған оқиға кесірінен жолынан адасып кетеді ме, жақын арада жауабын көреміз.
Алматы облысында түсірілім тобы алты күн жұмысын атқарды. Жаздан қалған шарқырайған күннің ыстығында, бір қуантары барлық керек локация шақырым жерде ғана. Қызыл түсті көліктің қасында өткен ғасырдың арбасы, ал төбеден тек шаңырағы ғана көрініп тұрған алты қанатты киіз үй жаңа келген адамдар үшін қызық сұрақ.
Мүмкін уақыт үрдісіне табынбай, екі дәуірдің арасы жетпіс жыл алса, о кездің осы кезбен сан түрлі айырмашылығы сезіледі. Бірақ сол сұрақты адамдарға теңестірсек соншалықты арақашықтық бір зат шеше алды ма? Адамдардың уақыт өте келе санасы өзгеруі мүмкін, бірақ бастапқы қалауымыздан арыла алу мүмкін емес. О дәуір мен бұл дәуір адам баласы өзгермейді деген тұжырымға қалай қашсаң да келесің. Ар – бұл эмпатия мен эмпатиядан туындайтын инстинкт. Бұл адамдар қоғамда бірге өмір сүру арқылы алған таза моральдық, ойдан шығарылған ұғым. Кино күнделік секілді, оның ақиқат әлемінен келіп, оған басқа қырдан қарап, суреттеуі.
Кейде осындай ойларды дамытып, ақ параққа қара сиямен бөліскің келеді. Кино адамдары, тіпті өнерге жақын халық осылай ішіндегі сұрақтарға жауап беру үшін, жаңа шығарма, болмаған туындыны дүниеге әкеледі. Сары-өмір киносы осы сұрақты өз алдына қояды.
Белгілі бір сәтті зерттеумен кейде түсірілім тобын шабыттандыра аласың. Кино ол режиссердың туындысы, әлдеде жалғыз өзі ол шамасы жоқ қарапайым жан ғана. Кино ол біріккен жұмыс, кішігірім қоғам. Әркімнің өз нақты жұмысы бар, және сол жұмысын мінсіз атқаратын кәсіби шеберлер тобы.
Қоюшы оператор Есенбай Мұхаммедәли түсірілімге жарық қойып жатқан сәтте, қоюшы суретші Есманова Мадина көмекшісімен бірге сахнаны дайындап, келесі локациямен айналысып жатады. Осы сәтте киім суретшісі Ибраева Айдана грим суретшісі Пагина Алевтинамен бірге кейіпкерлердің образын дайындап қояды. Осы сәттің орындаушылық жолын қадағалайтын режиссердің бірінші көмекшісі Шевченко Виталий. Бір қалыпты топ, қоюшы режиссердың ойлаған ойын орындауға ат салысады.
Рүстем Дастанұлы осы киноның авторы. Ол үшін бұл дебюттық кино. Өнер жолының басында тұрған әрбір жас дарынға сай қасиеттермен бөленген. Уайым толы жүрегі, қорқыныш толы басы барлығына таныс. Әр сатыны басқандағы ойлар, кейде көзді жауып, қараңғыда қалдырып кетуі мүмкін, бірақ от толы көздер алдыға итермелейді. Бұл түсірілім академия қабырғасындағы түсірілімдерден әлде қайда бөлек. Бітірген жас тұлек үшін кино әлемі сізді өзіне тең маман ретінде қарайды. Бұл жауапкершілік құлатады, не болмаса аяққа нық тұрғызады.
Кинематография шындықтың көрінісі ретінде әрекет етеді, содан кейін білім мен тіл ретінде өзара байланысты осы рефлексияның нәтижелерін түсіреді.
Авторлық кино кинематография заңдылықтарына жаңаша қарауға ұмтылады. Үнемі тәжірибе жасай отырып, авторлық кинематографияның өкілдері кино өнерінің болашақ дамуының контурын белгілеп, өз тілін жасады.
Фильмнің кейіпкеріне, сюжетіне, құрылысына, тіпті кино тіліне де жаңаша көзқарас, жаңа бейнелеу құралдары қажет болды.
Ұлттық кино, ол санамыздың түбінен пайда болған жарқын идея, соңында киноға айналады. Біздің мемлекетімізде күнделікті сан мыңдаған ойлар пайда болады, және кішкентай ғана бөлігі шығарма ретінде танылады. Бұл біздің қойылған мақсатымыз деп есептесек, бұл құбылмалы дүниеде, қайта жаңарып отыру, біздің мәдениетімізді танытудың жалғыз жолы
Сүгірбек Бекарыс.