Қазақ көркемсуретті киносындағы ТОП-10 фильм

Қазақ жерінде кино өнері пайда болған кезден бастап, қазақ көркемсуретті киносында 500-ге жуық туынды жарық көрген. Осы уақытқа дейін бірілі-екілі жеке баспалардың қандай да бір жылдары жарыққа шыққан фильмдерді жинап, топтастырып, субъективті ТОР-10 фильмді ұсынатынын байқауға болады. Oner Portal танымдық сайты қазақ көркемсуретті киносының үздіктерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізген еді.

Oner Portal киногерлерге ұсынған тізімдегі 500-ден аса фильмнің ішінен сексен тоғыз (89) фильмге дауыс берілді. Дауыс берген кинотанушы, киносыншы, киножурналистер саны отыз жеті (37). Бұл тізім Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Тұран университетінің профессорлары, доцент, аға-оқытушылары мен жас кинотанушыларының және Қазақстан сыншыларының қауымдастығы мүшелерінің таңдауына құралды.

Бұл тізімді жасаудың қажеттілігі неде?

Google іздегішті ашып, ТОР 10 Холиуд және Ресей фильмдерін айтпағанда Чех, Румын киносының үздіктерін табуға бірден болады. Бұл ТОП 10 жобасы бір ғана сайттың, редакцияның таңдауы емес, кәсіби кинокеңістікті зерттейтін мамандардың таңдауына негізделді. Осы күнге дейінгі қазақ киносының тарихындағы үздік фильмдер әлі күнге дейін анықталған жоқ. Oner Portal осы бір олқылықты толтыруға тырысты.

Бұл сауалнаманы кімдер толтырды?

Таңдаған 37 адамның ішінде есімі танымал кинотанушылар, киножурналистермен бірге жас сыншылардың да пікірі ескерілді. Олардың ішінде белгілі кинотанушылар Гүлнар Әбікеева, Надежда Беркова, Нәзира Мұқышева, Олег Борецкий, Инна Смаилова, Молдияр Ергебеков, Гүлзат Көбек, Баубек Нөгербек, Алма Айдар, Снежана Баймуханова, Жанна Ибрагимова, Дана Әмірбекова, Әсия Бағдәулет, Ержан Жұмабеков, Минуар Айдарова-Тейжи, Камила Габдрашитова, Гүлім Көпбай және киножурналистер Кәрім Қадырбаев, Ольга Малышева, Ғалия Байжанова, Мәди Мамбетов, Гүлажар Машрапова бар. 

Үздік фильмдер қорытындысы қалай жасалды?

Әр сауалнама толтырушыға сауалнамамен бірге қазақ киносының 1928–2020 жылдары жарық көрген фильмдер тізімі ұсынылып, қатысушы таңдауындағы 10 фильмді жазу сұралды. Қатысушы таңдаған 10 үздік фильм хронология/алфавит бойынша емес, 1–10 аралығында кему реті бойынша жазу басты шарт болды. Тиісінше, бірінші қатарда ең көп аталған фильм үздік деп танылды.

Қазақ киносының тарихындағы TOP 10 көркемсуретті фильм — Сыншылар таңдауы.

10. «БАЛКОН».

Жыл: 1988.

Режиссері: Қалықбек Салықов.

Сценарий авторы: Шахимардан Құсайынов.

Оператор: Әубакір Сүлеев.

Cуретші: Борис Якуб.

Рөлдерде: Измаил Игильманов, Юрий Горошевский, Қуаныш Сарсенбеков, Анвар Чужегулов.

9. «ҚИЯН».

Жыл: 1989.

Режиссёр: Серік Апрымов.

Сценарий авторы: Серік Апрымов.

Оператор: Мұрат Нұғманов.

Суретші: Сәбит Құрманбеков.

Рөлдерде: Сәбит Құрманбеков, Мұрат Ахметов, Бақытжан Әлпейісов, Нағымбек Самаев.

8. «ИНЕ».

Жыл: 1988.

Режиссёр: Рашид Нугманов.

Сценарий авторлары: Александр Баранов, Бахытжан Килибаев.

Оператор: Мурат Нугманов.

Суретші: Мурат Мусин.

Композитор: Виктор Цой, Арно Бабаджанян.

Рөлдерде: Виктор Цой, Марина Смирнова, Александр Баширов, Пётр Мамонов.

7. «АНА ТУРАЛЫ АҢЫЗ».

Жыл: 1963.

Режиссёр: Александр Карпов.

Сценарий авторлары: Жұмабай Тәшенов, Александр Сацкий.

Оператор: Асхат Ашрапов.

Суретші: Юда Вайншток.

Рөлдерде: Әмина Өмірзақова, Қанабек Байсейітов, Керім Есімбеков.

6. «КАРДИОГРАММА».

Жыл: 1995.

Режиссёр: Дәрежан Өмірбаев.

Сценарий авторы: Дәрежан Өмірбаев.

Оператор: Борис Трошев.

Суретші: Сәбит Құрманбеков.

Рөлдерде: Жасұлан Асауов, Сәуле Тоқтыбаева, Алтынай Тәттібекова, Гүлнар Дусматова.

5. «ҚИЛЫ КЕЗЕҢ».

Жыл: 1966.

Режиссері: Абдолла Қарсақбаев.

Сценарий авторы: Зейін Шашкин.

Оператор: Әбілтай Қастеев.

Суретші: Юда Вайншток, Е. Феллер.

Композитор: Нұрғиса Тілендиев.

Рөлдерде: Ыдырыс Ноғайбаев, Ахмед Шамиев, Евгений Попов, Асанәлі Әшімов.

4. «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА».

Жыл: 1966.

Режиссёр: Абдолла Қарсақбаев.

Сценарий авторлары: Бердібек Соқпақбаев, Ниссон Зелеранский.

Оператор: Михаил Аранышев.

Суретші: Құлахмет Қожықов.

Композитор: Нұрғиса Тілендиев.

Рөлдерде: Нұрлан Сегізбаев, М.Көкенов, Гүлнар Курабаева, Е. Құрмашев, Бикен Римова.

3. «ҚЫЗ ЖІБЕК».

Жыл: 1970.

Режиссёрі Сұлтан Қожықов.

Сценарий авторы: Ғабит Мүсірепов.

Оператор: Асхат Ашрапов.

Суретші: Гүлфайруз Исмаилова.

Композитор: Нұрғиса Тілендиев.

Рөлдерде: Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов, Ануар Молдабеков.

2. «ТҰЛПАРДЫҢ ІЗІ».

Жыл: 1957.

Режиссёр: Мәжіт Бегалин.

Сценарий авторы: Әкім Тарази.

Оператор: Асхат Ашрапов.

Суретші: Сахи Романов.

Композитор: Эдуард Хагагортян.

Рөлдерде: Фарида Шарипова, Асанәлі Әшімов, Қуатбай Әбдіраимов, Кәукен Кенжетаев, Хадиша Бөкеева.

1. «АТАМЕКЕН».

Жыл: 1966.

Режиссёр: Шәкен Айманов.

Сценарий авторы: Олжас Сүлейменов.

Оператор: М. Айманов.

Композитор: Е. Рахмадиев.

Суретші: Қ. Қожықов.

Басты рөлде: Е. Өмірзақов, М. Ахмадиев.

Сауалнамаға қатысқан барлық мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Егеубаева Еңлік, кинотанушы.

Қазақ көркемсуретті киносындағы ТОП-10 фильм

Pro Production

Пролистать наверх