Бауыржан Нөгербектің соңғы сұхбаты

Назарларыңызға кинооператор және режиссер Талгат Тайшанов жазып алған Бауыржан Нөгербектің соңғы сұхбатын ұсынамыз. Сұхбат кинотанушы өмірден озар алдында біраз уақыт бұрын, 2016 жылдың күзінде жазылған еді.

Бауыржан Нөгербек — профессор, белгілі кинотанушы, киносыншы, кинотарихшы және кинотеоретик (6 тамыз 1948 ж. — 27 маусым 2017 ж.). Оның қазақ киносы туралы жазған еңбектері әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Назарларыңызға кинооператор және режиссер Талгат Тайшанов жазып алған Бауыржан Нөгербектің соңғы сұхбатын ұсынамыз. Сұхбат кинотанушы өмірден озар алдында біраз уақыт бұрын, 2016 жылдың күзінде жазылған еді.

Бауыржан Рамазанұлы Қарағанды облысының Ұлытау ауылында дүниеге келді, Қазақстандағы кәсіби кинотану мектебінің негізін қалаушы, отандық кинопедагогиканың бастауында тұрды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының проректоры қызметін атқарды. Осы институтта тұңғыш рет ашылған кинотанушылар шеберханасына жетекшілік етіп (1993-2010 жж.), отандық кино тарихында кинотанушылардың алғашқы буын түлектерін оқытып шығарды. 2010 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық өнер университетінде шәкірт тәрбиеледі.

Университетте «Өнертану» кафедрасы мен «Кино және телевизия» факультетінің құрылуының басы-қасында болды. Кинотанушы елімізде, шетелде өткен «Шәкен жұлдыздары», «Еуразия», «Золотой минбар» секілді тағы да басқа көптеген халықаралық кинофестивальдердің Қазылар алқасында жұмыс істеді.

PRP-Информ.

Бауыржан Нөгербектің соңғы сұхбаты

Pro Production

Пролистать наверх