«Shabyt Сinema» Республикалық қысқаметражды кино конкурсының регламенті

«Shabyt Сinema» қысқа метражды киносының Республикалық конкурсы аясында регламентте берілген тақырып бойынша конкурстық жұмыстар түсірілетін болады. 2024 жылы конкурстық тапсырманың тақырыбы — «Әркімнің өз Хичкогы» қысқаметражды фильмін түсіру.

«Shabyt Cinema» республикалық қысқаметражды кино конкурсы-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен киномектептерінің ұлттық бірлестігі, ол Қазақстан киномектептері арасындағы білім беру, кәсіптік және мәдени қарым-қатынас үшін біріктіруші платформа рөлін атқара алады.

Конкурс жалпы қоғам мен жастардың назарын кино біліміне және жалпы кинематографияға аударуға бағытталған.

Байқаудың мақсаты жаңадан бастаған кинематографистердің шығармашылығын қолдау, жас кинематографистер арасындағы мәдени тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның киномектептері, педагогтер мен танымал кино шеберлері арасындағы шығармашылық, білім беру байланыстарын дамытуға көмек көрсету. Конкурс аясында кинематография сарапшыларының шебер-сыныптары мен дәрістерінің кең бағдарламасы қарастырылған.

«Shabyt Сinema» қысқа метражды киносының Республикалық конкурсы аясында регламентте берілген тақырып бойынша конкурстық жұмыстар түсірілетін болады. 2024 жылы конкурстық тапсырманың тақырыбы — «Әркімнің өз Хичкогы» қысқаметражды фильмін түсіру.

2024 жылы әлемдік кино қауымдастығы Ұлы саспенс шебері Альфред Хичкоктың 125 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол өз фильмдерінде мазасыз белгісіздік пен шиеленісті күту атмосферасын шебер жасады.
Бұл байқау киномектептердің студенттеріне кинорежиссер, продюсер, сценарист Альфред Хичкоктың шығармашылығымен танысуға, оның шығармашылығы бойынша қысқа метражды фильмдер түсіруге бағытталған.

Конкурс бағдарламасы.
I. Конкурс аясындағы ғылыми семинар.
II.Танымал кино шеберлерінің дәрістері мен шебер-сыныптары.
III. Конкурстық бағдарлама.
IV. Конкурстың өтетін мерзімі: Астана қаласы, 11-13 сәуір 2024 жыл.

Конкурсқа қатысу.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының және киномектептерінің студенттері қатыса алады. Конкурстық көрсетілім үшін фильмдерді таңдауды оқу орындары мен киномектептердің өздері жүзеге асырады.
Фильмнің ұзақтығы: 25 минутқа дейін.
Фильмнің тілі: қазақша, орыс тілінде қазақша субтитрмен.
Фильмді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 02 сәуіріне дейін.
Каталог үшін материалдар: фильм жасаушы туралы мәлімет (жеке куәлік бойынша тегі, аты-жөні), байланыс (телефон, электронды пошта), киномектептің толық атауы, мамандық атауы, курсы. Сонымен қатар фильмге арналған сілтеме ұсыну міндетті (көшіріп алу үшін), фильмнің синопсисі, фильмнің постері, режиссёрдің фотопортреті, жұмыс сәтінен 5-7 фото және фильмді түсіру сәтінен 3-5 фото конкурстың talgat-t@mail.ru электронды поштасына жіберілуі қажет.

Ескерту:
Бір автор конкурсқа тек бір жұмыс тапсыра алады.
Дөрекі сөйлейтін фильмдер, сондай-ақ экстремистік мазмұндағы фильмдер қабылданбайды.
Конкурсқа қатысу оның регламентінің шарттарымен келісуді көздейді.
Конкурстық бағдарламаның жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Конкурстың қазылар алқасы.
Конкурстық бағдарламаны бағалау үшін қазылар алқасы құрылады, ол келесі номинациялар бойынша жүлделер беріледі:
Үздік фильм
Үздік режиссёр
Үздік операторлық жұмыс
Үздік дыбыс режиссёрінің жұмысы
Үздік суретші жұмысы
Үздік актриса
Үздік актёр
Қазылар алқасының арнайы жүлдесі
Конкурсты ұйымдастыру комитеті қосымша сыйлықтар, соның ішінде демеушілік сыйлықтар беру құқығын өзіне қалдырады.

Конкурс бойынша тапсырмалар (фильмдегі міндетті элементтер):

  1. Фильмде саспенс жасау (фильмдегі басты желі);
  2. Хичкок фильмдерінің кадрлары немесе Хичкок фильмдерінің көріністерін қайта жасау;
  3. Камео – осы фильмнің режиссері орындаған эпизодтық рөл;
  4. «Макгаффин» сияқты сюжеттік элемент. Бұл иелік ету мен іздеудің айналасында бүкіл тарих құрылған тақырып. Контекстен тыс бұл тақырып маңызды бола алмайды. Хичкоктың әртүрлі фильмдерінде макгаффин ретінде ақша, құпия құжаттар, уран ұнтағы, мәйіт немесе мүлдем дерексіз нәрселер болды. «Бұл қандай нәрсе маңызды емес; ең бастысы, бәрі оған ие болғысы келеді», — деп түсіндірді Альфред Хичкок.

Мекенжайы және байланыс телефондары:
Қазақ Ұлттық өнер университеті, Астана қаласы, Абай даңғылы, 47.

E-mail: kaznam98@mail.ru, erlankin@gmail.com, talgat-t@mail.ru.

Телефондар:
Ерлан Маратұлы Нұрмұхамбетов: +7 708 251 4851
Талғат Тұрғанбайұлы Тайшанов: +7 775 333 2567

«Shabyt Сinema» Республикалық қысқаметражды кино конкурсының регламенті

Pro Production

Пролистать наверх