ҚазҰӨУ: жаңа буынның шығармашылық серпіні

Көрсетілім барысында көрсетілген туындылар шығармашыл жастардың қалыптасқан жаңа көзқарастарын, өнер жолына аяқ басудағы қадамдарының бастауын, қолтаңбаларының қалыптаса бастау үдерісін айқын таныта алды деуге болар. Студенттер бір ұстаздың ғана жетекшілігімен жұмыс жасаған болса да, әр туындыға өзіндік ерекшелік, мәнер, субъективтік талдау тән. Жұмыстардың кейбір бөлігіне оператор студенттердің жеке өмірлерінен алынған тәжірибенің ықпалы тигенін де білдік. Мысалға, студенттердің бірінің деректі туындысының сюжетіне өзінің қарт әжесінің тағдыры негіз етіп алынса, тағы бір студенттің сөзінше, түрткі болған — өз басынан кешкен махаббат оқиғасы.

Қазіргі заманымыздың жас кинематографисттері үшін белгілі бір ойды жеткізудегі визуалды тіл — үлкен маңыздылыққа ие құрал. Сондықтан студенттердің жұмысына талдау жүргізу барысында, туындыларының визуалды шешімдеріне назар аудару арқылы, авторлардың өзіндік ойлары тереңінен ашылады. Мысалға, камера қозғалысына тоқталсақ, кейбір операторлар статикалық кадрларға көп жүгіну арқылы кадрда орын алып жатқан әрекетті көрерменге басты нысан етеді. Оған тағы да кадр композициясымен, мизансахнамен жасалған жұмыс әсер етеді. Абайдың қара сөзін фондық дауыс етіп алған қысқаметражды фильмнің идеялық мазмұнына тоқталар болсақ, оның көркемдік шешімінің негізін керісінше, динамикалық камера қозғалысы, актер қимыл-қозғалыстарының пластикасы құрайды.

Қорытындылар болсақ, бұл көрсетілім мен талқылау оқу барысының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар, жас киногерлердің болашақ шығармашылығына бағыт-бағдар сілтер маңызды тәжірибе болды.

Кинооператор Талғат Тайшановтың шеберханасының шығармашылық жұмыстарының көрсетіліміне байланысты мақала.

Сабина Бұланбай, ҚазҰӨУ, «Кинотану», 3 курс.


 

ҚазҰӨУ: жаңа буынның шығармашылық серпіні

Pro Production

Пролистать наверх