Республикалық байқауы — «Әбіш оқулары»  

2023 жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми — шығармашылық конкурсының жабылу салтанаты өтті.  

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми — шығармашылық конкурсында еліміздің 20 аймағынан 160-тан астам 8–11 сынып оқушылары қатысты. 56 оқушы женімпазы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталды. Байқаудың мақсаты — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткерінің Әбіш Кекілбаев мұрасын насихаттау.

Байқау аясында қатысушылар Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, жазушының шығармашылығымен танысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды және Каспий теңізінің жағасында серуендеді.

«Әбіш оқулары» байқауы 2018 жылдан бері республикалық ғылыми – шығармашылық байқау ретінде өткізіліп келеді.

Конкурс 4 бағыт бойынша өтті:

Сахналық қойылым. Қазылар алқасының төрағасы — Талғат Тайшанов. «Жас өнер» кино өнері журналының редакциялық кеңесінің төрағасы. Қазақ ұлттық өнер университетінің, «Киноөнер және телевизия» факультетінің  ұстазы.

Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу. Қазылар алқасының төрағасы — Қабдырахман Отарбай.  ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Алматы қаласы «Дари» талантты балалар орталығының оқытушысы.

Проза, поэзиясынан мәнерлеп оқу. Қазылар алқасының төрағасы — Шаридияр Валиханов. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Шығармашылық зерделеу жоба. Қазылар алқасының төрағасы — Сағымбай Жұмағұл. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Байқау қорытындысы:

Ә. Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым

I – Төремұрат Диляра, Бейбітұлы Бейсенбі, Нұралы Нұрайым, Азамат Айша, Нұрсайын Еркебұлан (Батыс Қазақстан облысы);

II – Батырбекова Диляра, Төкенова Назым, Түлкібаев Әділет, Айболатов Бекзат, Айтбаев Алишер (Ақтөбе облысы);

II – Аманкулов Мадияр, Мирасқызы Альбина, Рысбек Арайлым, Алимкулов Дамир, Ізтілеу Нұрдаулет (Маңғыстау облысы);

III – Капсаликова Дильназ, Қонысбек Ақгүлім, Бейсен Аңсар, Сардар Диас, Асқаров Акбар (Қостанай облысы);

III – Тұрсынханов Мұхтархан, Сартаев Қаныбек, Сапаралы Айдос, Егизбай Өмірзақ, Буранбай Ақжүніс (Түркістан облысы);

III – Шалабай Мағжан, Нұрмахан Таңатар, Мақұлбек Амина, Әзімхан Ақсезім, Әліпбай Айғаным (Жамбыл облысы);

III – Мадияров Олжас, Токтаров Темирхан, Кенже Абдулла, Кеңесбай Нұрпатша, Әбділда Мархаба (Алматы қаласы);

Грамота: Теміржан Нұрбек, Амангелді Нұрдәулет, Қандыбекқызы Нұрлыгүл, Кенжеболат Сәбит, Жалғас Сырға (Атырау облысы);

Грамота: Серікқазиева Жансая, Болатбек Нұртас, Қасымова Жанар, Болатов Әлимұхамеднұр, Шерниязданов Еркебұлан (Абай облысы).

Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу    

I –  Мырзахан Айша (Жамбыл облысы);

II – Советханова Гауһар (Шығыс Қазақстан облысы);

II – Балтабек Шұғыла (Түркістан облысы);

III – Олжатаева Аяжан (Ұлытау облысы);

III – Баталина София (Қарағанды облысы);

III – Бауыржан Азиза (Павлодар облысы);

III – Калиакбар Хадиша (Алматы қаласы).

Ә. Кекілбаевтың  шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу

I –  Жүзбай Алдияр (Жамбыл облысы);

II – Анарбеков Жолдасбек (Қостанай облысы);

II –  Хайрулла Рүстем (Маңғыстау ауданы, Онды ауылы);

III – Таңжарыққызы Іңкәр (Павлодар облысы);

III – Бердалиева Ақерке (Түркістан облысы);

III – Саят Сезім (Қарағанды облысы);

III – Бектенов Ханкелді (Алматы қаласы).

Ә. Кекілбаевтың шығармаларын зерделеу

I – Бақтыбай Назерке (Маңғыстау облысы);

II – Тульбасова Асел (Түркістан облысы);

II – Марат Медина (Абай атындағы РММИ);

III – Альтен Бекзат (Батыс Қазақстан облысы);

III – Жұмабай Таңшолпан (Маңғыстау ауданы Онды ауылы);

III – Еділов Айталы (Атырау облысы);

III – Кенжебай Қарақат (Алматы қаласы).

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми шығармашылық конкурсын жылы қабылдағаны және кәсіби ұйымдастырғаны үшін Алғыс білдіреміз:

  • Тұрсынов Гаждембек — «Дарын» РҒПО директоры;
  • Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы — Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары;
  • Қуатова Несібелі — Маңғыстау облысының «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры.
  • Мүберек Ақылбек — «Алаш» лицейінің директоры;
  • Қашқыновқа Амангелді — «Алаш» лицейінің құрылтайшысы.
  • Өтебаев Серік — облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы, «Ел Үміті» бөлімінің басшысы.

Саятхан Ергөбек.

Республикалық байқауы — «Әбіш оқулары»  

Pro Production

Пролистать наверх