«JAS ÓNER» журналы — кино білім беру және кино түсіру мәселелерін қамтитын жалғыз қазақстандық басылым

Жақында «Аbai tv» телеарнасында «мәдениет және өнер журналистикасы» тақырыбымен «Сана» бағдарламасының кезекті шығарылымы шықты. Редакциялық кеңестің төрағасы, ҚазҰӨУ-нің ұстазы Талғат Тайшанов әріптестерімен бірге шығарылатын «JAS ÓNER» киноөндірісі мен киноиндустриясы туралы журнал туралы айтып берді: «JAS ÓNER» журналы — кино білім беру және кино түсіру мәселелерін қамтитын жалғыз қазақстандық басылым.

Бағдарламаның түсіріліміне: Өміржан Әбдіхалықұлы — журналист; Есенгүл Кәпқызы — SDU University Аға оқытушысы, «Мінбер журналистерді қолдау орталығының» жетекшісі; Маржан Әбіш — «Егемен Қазақстан» газетінің аға тілшісі. Талғат Тайшанов — ҚазҰӨУ мұғалімі, кинооператор, режиссер, «JAS ÓNER» («ЖАС ӨНЕР») журналының төрағасы қатысты. Жүргізуші — өнертану (PhD) докторы Молдияр Еркебеков.

Редакциялық кеңестің төрағасы, ҚазҰӨУ-нің ұстазы Талғат Тайшанов әріптестерімен бірге шығарылатын «Жас өнер» киноөндірісі мен киноиндустриясы туралы журнал туралы айтып берді: «JAS ÓNER» журналы — кино білім беру және кино түсіру мәселелерін қамтитын жалғыз қазақстандық басылым.

Журналдағы бөлімдер: оқиғалар, сұхбаттар, фильмдерге шолулар, аналитикалық мақалалар, киноөндіріс саласындағы жағдай туралы аналитикалық мақалалар, шеберлік сыныптары, кино саласының жаңалықтары, халықаралық кинофестивальдар.

«JAS ÓNER» журналы Халықаралық кинофестивальдердің серіктесі:

  • 2022 жыл — Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірі жайлы тұңғыш халықаралық «Бәйтерек» қысқаметражды фильмдерінің кинофестивалі (2022 ж., 21–24 желтоқсан);
  • 2022 жыл — Екатеринбург қаласында XIX (2023 ж. биыл – XX) Халықаралық «Кинопроба» киномектептерінің кинофестивалы;
  • 2023 жыл — «Әркімнің өз Годары» атты киномектептер арасындағы алғашқы Республикалық байқауы Астана қаласында 2023 жылғы наурыздың 14–15  күндері аралығында өтті;
  • 2023 жыл — Халықаралық ұлттық кинематография форумы Рустам Ибрагимбеков атындағы «Алтын арка» (Золотая арка) 15–19  қыркүйек 2023 ж. Мәскеу қ..

  • Собкор.
«JAS ÓNER» журналы — кино білім беру және кино түсіру мәселелерін қамтитын жалғыз қазақстандық басылым

Pro Production

Пролистать наверх