Берлиннен Нью-Йоркқа дейін: Baiqonyr жеңімпаздары Қазақстанды халықаралық кинофестивальдерде таныстырып жүр

Мәселен, «Аңсар» фильмі алдымен Берлинде өткен One Short for a Nation кинофестивалінде көрсетілсе, кейін Польшадағы KINOLUB халықаралық фестивалінің бағдарламасына енді. Фестиваль аясында картина елдің бірнеше қаласында 54 рет көрсетілді. Кейін фильм АҚШ-та өткен Spark Short Film Fest бағдарламасына да қатысты.

Ал «Гелиос» фильмінің фестивальдік жолы халықаралық тұсаукесерден басталды. Картина Якутскіде өткен «Хоту Илин» фестивалінде «Үздік сценарий» жүлдесін жеңіп алды. Кейін режиссер Батырхан Жүсіпов Орталық Азиядан америкалық тәуелсіз NoBudge платформасында фильмі жарияланған алғашқы фильммейкер атанды. Биыл қыркүйекте «Гелиос» Анкарада өтетін Халықаралық философиялық кинофестивальде көрсетіледі.

Халықаралық фестивальдердегі жетістіктерін «Сохраняя анонимность» фильмі де жалғастырып келеді. Луиза Зарипованың туындысы Қырғызстандағы Халықаралық әйел режиссерлер кинофорумында бірінші орын иеленіп, қыркүйекте Түркияда өтетін Халықаралық философиялық кинофестивальдің байқау бағдарламасына қатысады.

Baiqonyr Promotion бағдарламасының алғашқы маусымы арнайы грант иегерлеріне фильмдерін халықаралық алаңдарға шығаруға, жаңа аудиторияға жол табуға және қазақстандық киноны шетел көрерменіне танытуға мүмкіндік берді.

PRP-информ.

Берлиннен Нью-Йоркқа дейін: Baiqonyr жеңімпаздары Қазақстанды халықаралық кинофестивальдерде таныстырып жүр

Pro Production

Пролистать наверх